БілімЖаңалықтар
«Алты қыз жабылып ұрған»: Астанада оқушы өзіне қол салмақ болды
Фото: ашық дереккөз
Астанада соққыға жығылған жасөспірім өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды qandastar.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сәлтеме жасап.
НеМолчиKZ қоғамдық қоры бір топ қыздан таяқ жеген 14 жасар қыздың анасының үндеуін жариялады.
25 тамыз күні алты қыз жабылып жәбірленушіні соққыға жыққан. Олар қызды қираған ғимаратқа апарып, қызды ұрып-соққан.
«Бетінен ұрған, қыз қарсы тұра алмаған. Себебі алты қыз жабылып ұрған. Қызды камера жоқ жерде ұрған», – дейді НеМолчиKZ қоры.
Жасөспірімдер 1,5 сағат бойы қызды ұрып-соққан. Осыдан кейін ол 30-қабатқа көтеріліп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Бірақ кейінірек үйіне барып, құрбысына болған оқиғаны айтып берген. Келесі күні ол оқиғаны анасына да айтқан. Анасы оқиға орнынан видео түсіріп, полицияға арыз түсірді.
Нәтижесінде, сот-медициналық сараптамасы қыздың денесінде соққының іздерін анықтаған.
«Тергеуші іске қатысты қыздың анасына да, қорғаушыға да ақпарат бермеген. Іс тоқтатылған. Полиция бұл істі елеусіз қалдырды», – деп жазылған НеМолчиKZ қорының желідегі парақшасында.
Астана полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ата-ана міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін заңды өкілдер жауапқа тартылды.