Жаңалықтар
17 жыл бойы құлдықта болған апалы-сіңлінің қазіргі жағдайы қалай?
Фото: ашық дереккөз
Танымал тележүргізуші Руслан Өтепбай Түркістан облысында 17 жыл бойы туған ағасында құлдықта болған апалы-сіңлі Құндыз бен Назгүлдің қазіргі жағдайын көрсетті, – деп хабарлайды qandastar.kz
Журналист апалы-сіңлі қыздармен бірге фотосессия ұйымдастырған.
«Бізге келгенде қыздар қандай еді? Күтім мен жылықабақ болса, жайқалмайтын қыз жоқ бұл әлемде…» – деп жазды тележүргізуші.
Айта кетсек, бұған дейін Түркістан облысында апалы-сіңлі қыздардың ауыр жұмысқа салынып, құлдықта болғаны туралы бұған дейін БАҚ беттерінде жазылған болатын.
Ата-анасы аяқасты қайтыс болғаннан кейін екі қызды әкесінің ағасы асырап алған. Алайда, ағалық қамқорлық көрсетудің орнына, онсыз да денсаулығында ақауы бар қыздарды ол малға салыпты.
Қыздардың жайы бұқараға жария болғаннан кейін ағасы Сәулебектің үстінен қылмыстық іс қозғалыпты. Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай өзінің Instagram-парақшасында жазған еді.
«Ағасы Сәулебек апалы-сіңліні қой бақтырып, тұрмыстық өмірге керекті заттармен қамтамасыз етпеген. Мемлекеттен ол қыздарға бөлген ақшаны өздері жаратқан. Бұл оқиғаны көрген қыздардың бұрыңғы сыныптастары жағдайларының мүшкүл екенін хабарлаған еді. Қазір қыздар үш аптадан бері кешенді ем қабылдауда», – деп жазды журналист.