Жаңалықтар
Президент Түркістанның өндірістік паркіндегі кәсіпорындарды аралады
Фото: Ақорда
Ол жерде 8 өндіріс ошағы іске қосылған. 712 жұмыс орны ашылды деп хабарлайды qandastar.kz. Инвестиция көлемі – 36,5 млрд теңге.
Президент 3,5 тонна көкөніс пен 500 тонна бакалея өнімдерін сақтайтын қоймада болады. Ол жер Түркістан маңындағы қалаларды маусымаралық кезеңде азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр.
Тоқаевқа жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелерін шығаратын «BNK Group» серіктестігінің өндіріс цехтары да таныстырылды.
Президент жиһаз шығаратын «Аqniet Holding» өнімдерін көрді. Соңғы үш жылда компания 50-ге жуық мектепті жабдықтаған.
Президент тоңазытқыш жабдықтарын өндіретін кәсіпорын алаңына барды. Болгариялық холдинг екі ірі өндіріс желісін ашпақ. Инвестор жобаның бірінші кезеңіне 5 млн еуро көлемінде қаржы құяды. 350-ге жуық жұмыс орны ашылады.
Алдағы үш жылда 2,5 трлн теңге болатын 145 жоба жүзеге асырылмақ. 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны пайда болады. Ірі жобалардың қатарында бу-газ қондырғысы, күн және жел станциялары бар.