Әлем жаңалықтары

Қазақстанның сыртқы қарызы қанша?

Фото: canva.com

2024 жылдың басынан бастап сыртқы қарыз төлем балансының операциялары есебінен 2,7 млрд долларға, ал құндық, бағамдық және басқа да өзгерістер есебінен 0,3 млрд долларға ұлғайған.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстан Республикасының сыртқы қарызы 166,7 млрд долларға жеткен, деп хабарлайды  qandastar.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Ұлттық банктің мәліметінше, бұл көрсеткіш 2024 жылдың басынан бері 3,0 млрд долларға өскен.

2024 жылдың басынан бастап сыртқы қарыз төлем балансының операциялары есебінен 2,7 млрд долларға, ал құндық, бағамдық және басқа да өзгерістер есебінен 0,3 млрд долларға ұлғайған.

«Қазақстанның сыртқы қарызының 87,5%-ы – ұзақ мерзімді сыртқы қарызға тиесілі. Бұл бір жағынан өтімділік тәуекелдерін азайтса, екінші жағынан қарызды өтеу мен қызмет көрсетуге нарықтық жағдайлардың өзгеруінің ықпалын күшейтеді. Қарыздың қаржылық құралдар түрлері бойынша құрылымында резидент еместерден алынған несиелер мен қарыздар басымдыққа ие (73,9%), ал резидент еместер қолындағы борыштық бағалы қағаздар 8,0%-ды қамтиды», – делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close