Жаңалықтар

Қазақстанда Абылай ханның алып монументі орнатылады

Абылай ханның ескерткішінің эскиздік жобасын «Қазақстан Барысы» даму қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Арман Шораев өзінің Facebook-тегі парақшасында көрсетті, деп хабарлады BAQ.KZ.

Ескерткіштің іргетасы ретінде пайдаланылатын ғимаратта мұражай экспозициясы, конференц-зал, көрме залы және тағы басқалары орнатылады деп жоспарланып отыр. Монументтің жалпы биіктігі – 54 метр. Ханның асатаяғында айналаны тамашалайтын алаңға шығатын лифт орнатылады.

Абылай ханның мүсіні тот баспайтын болатпен қапталады деп жоспарланып отыр.

«Мұның эскиздік жоба екенін ескере отырып, жобаны арзандату және эстетикасын жақсарта түсу мақсатында кәсіби сәулетшілерден кәсіби тұрғыда ұсыныстар мен пікір алғым келеді», – деп жазды Арман Шораев.

Сондай-ақ, ол мұндай жобалар елімізге ұлттық сана-сезім мен отансүйгіштікті арттыру элементі, сонымен қатар ішкі және сыртқы туризмді дамыту тетегі ретінде қажет деп сенім білдірді.

«Мұндай мемориал далалықтардың ұлы билеушілерінің бірін еске алуға арналған құрмет ретінде қажет екеніне сенімдімін. Абылайдың арқасында жоңғарларға күшті қарсылық көрсеті және біздің ата-бабаларымыз территорияны бақылауға алып, этнос ретінде сақталды», – деп атап өтті «Қазақстан Барысы» даму қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close