Жаңалықтар
«Мен өлгенде молда келмесін, жаназамды шығармасын» дейді танымал кәсіпкер
Фото: ашық дереккөз
Интернеттегі әлеуметтік желіде танымал инвестор, кәсіпкер, экономист Марат Толыбаев өзінің жаназасына қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды qandastar.kz Democrat.kz сілтеме жасап.
ТикТок әлеуметтік желісінде Марат Толыбаев: «Мен өлгенде ешқандай да имам-молда шақырмауды, маған арнап мазар қазып, оның басына кесене орнатпауды, отын, энергия жұмсап, крематорийге жақпауды мәлімдеймін. Мен өлсем, мені кең далаға апарып көміп, бетін тегістей салсын. Бұл туралы бірнеше рет айттым да. Өйткені мен өлген соң құрт-құмырсқаға қорек, ал жерге биологиялық құнар беретін материалға айналамын», – дейді кәсіпкер.
Марат Толыбаевтың бұл видеосына қатысты жұрт «өлген соң құйымшақтағы жұмыр сүйектен қайта тіріліп, Алланың алдына барасың», «Мүңкір Нәңкір келгенде мені кері қайтарыңдар деп шыңғырасың», «өлген адамды бір жерге әдейі көмеді, кейін сол жерден мұнай шығады», «міне, ең ақылды кісінің сөзі!», «өлген соң жаназа тірілер үшін маңызды» деген сыңайда пікір жазуда.