Жаңалықтар

«Тойда 6 сағат отырамыз»: Дәулет Мұқаев мейрамханаға 200 қонақ шақыратындарды сынап тастады

Фото: жеке қорынан

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев халықты тойды ысырапсыз жасауға шақырды, деп хабарлады qandastar.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Ол бұл туралы ойын «Хабар» арнасының «Талқы» бағдарламасында айтты.

«Дастарханның өзін қарайықшы. Әйтеуір бәрі тойып жеу керек, толып тұру керек. Содан кейін 6 сағат отырамыз. Дастарханнан көп жағдайда тамақ артылып қалып, оны пакеттерге бөліп таратады. Кейбір адамдар 2-3 пакеттен алып кетеді. Ер-азаматтардың өздері дастархан басында әйелдермен бірге жанталасып жатады. Біріншіден, дәл осы тамаққа келгенде ысырапшылдықты азайтуымыз керек. Екіншіден, тойға 300-400 адам жинайды. Сен олардың бәрін танымайсың. Тойға тек жақындар жиналуы керек. «Ананың, мынаның көңілі қалмасын», «Ұят болмасын», «Ренжіп қалмасын» деп 200-300 адамды жинап аламыз. Пандемиядан сабақ алуымыз керек еді. Пандемия кезінде мейрамхананың артқы есігінен тығылып кіріп, 50-80 адамға той жасағандар болды. Пандемиядан кейін осы үрдіс сақталып қала ма деп ойлап едім. Бірақ жоқ, біз қайтадан сол бұрынғы той жарысына кірісіп кеттік», – деді Дәулет Мұқаев.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close