Жаңалықтар

Мәжілістің экс-депутаты қайтыс болды

Фото: ашық дереккөз

Батыл саясаткер, нағыз патриот Төлен Тоқтасынов ағамыз өмірден озды, деп хабарлады Qandastar.kz. Бұл туралы өзінің әлеуметтік парақшасында қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты Мұхтар Тайжан хабарлады.

Батыл саясаткер, нағыз патриот Төлен Тоқтасынов ағамыз өмірден озды. Иманы саламат, жаны жәннатта болсын. Жақындарына қайғырып көңіл айтам, – деп жазды ол.

Соңғы күндері Төлен Тоқтасынов қатты науқастанып жүрген. 9 қазанда ол 62 жасқа толар еді.

Төлен Тоқтасынов көзі тірісінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Экология және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі, «Экология» депутаттық тобының жетекшісі қызметтерін атқарды. Сондай-ақ, Қазақстан Компартиясы ОК хатшысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болған. «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының құрылтайшыларының бірі болды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close