Жаңалықтар
«Бақытты болыңдар»: Назарбаев референдумда дауыс беріп, тілшілер сұрағына жауап бермей кетіп қалды
Фото: Ulysmedia
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев референдум учаскесіне келді, деп хабарлайды qandastar.kz Ulysmedia.kz сілтеме жасап.
Экс-президент Астанадағы №256 сайлау учаскесіне келіп, Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс берді.
Журналистер оған сұрақ қоймақ болған. Экс-президент қысқа ғана «табысты, бақытты болыңдар!» деп кетіп қалды.
АЭС бойынша референдум
Орталық референдум комиссиясында бұрын АЭС бойынша референдумда қандай мәселе болатыны туралы айтылған болатын.
Атом электр станциясы бойынша референдум өткізуге 15,5 млрд теңге жұмсалады.