Жаңалықтар
Дала өрті: Қарағандыда төтенше жағдай кезінде өрт сөндіруші қаза тапты

Фото: ТЖМ
Қызметтік міндетін атқару кезінде 24-өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы 1991 жылы туған Хали Хайрат қаза тапты, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Ведомстваның мәлімдеуінше, оқиға 6 қазанда Қарағанды облысында Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру барысында орын алған. Сержант азаматтық қорғау органдарында 2014 жылдан бастап жұмыс істеген.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Ведомствоның Апаттар медицинасы орталығының психологтары қайтыс болған қызметкердің туыстарына қажетті психологиялық көмек көрсетуде.
– Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндірушінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады! ТЖМ қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді, – делінген хабарламада.