Жаңалықтар

«Мәйітханадан алып шығып, өзім жуындырдым»: Әсел Асқар шетінеп кеткен сәбиін есіне алды

Фото: https://www.instagram.com/assel.askar/

Танымал актриса, блогер Әсел Асқар марқұм сәбиін есіне алып, жазба жариялады. Бұл туралы qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айта кетейік киножұлдыз алты айлық сәбиінен айырылып қалған еді.

«Бүгін сенің жоқ болғаныңа екі жыл. Екі жыл бұрын сенің жүрегің тоқтаған сәтте мен жансақтау бөлімінде жүгіріп жүрдім. Сені ол жерден тезірек алып кету үшін қажетсіз қағаздарды ұстаған мен дәрігерлерге ешқандай шағымым жоқ екенін айту үшін зомби құсап жүрдім. Сол күні қандай ауыр жағдайда болғанымды сөзбен жеткізе алмаймын. Осы күні сені кептелісте бесік жырын айтып, мәйітханаға апара жатқан едім. Уақыт тоқтап қалғандай еді», – деп жазды актриса.

Сондай-ақ өнер иесі сәбиінің өлімінен кейін өзгеріп кеткенін де айтты.

«Сенің денең мұздай болып, ауырлап кетті. Мәйітханаға сені алып келгенімізде медбикелер шай ішіп отыр еді. Сені оларға беріп, далада күтіп тұрдым. Содан қайтадан кептеліспен сені соңғы рет үйге әкелдік. Үйге келгенімізде перзентханадан шыққан күні қарсы алғандай, тағы да алдымыздан анам шықты. Бірақ бұл жолы бізді қайғылы жүзбен және қара көйлекпен күтіп алды. Сені оған шомылдыруға бермедім, өзім жуындырдым. Өйткені оның жүрегі шыдамайды, ал мен мықтымын. Сол кезде бәрі маған аянышты түрмен қарады. Бірақ маған ол ұнамады. Барлығын қуып шыққым келді. Бұл қорқыныштан оянғым келді. Имам келіп дұға оқыды, мен әзер шыдап тұрдым. Барлығы маған басу айтты… Құдай сені маған не үшін берді? Қайта алу үшін бе? Сыйлықты берген кезде қайта алмайды ғой. Имам келіп, барлығы мені асықтырды. Кеш түспей жер қойнына тапсыруымды айтты. Сені менен күшпен тартып алды. Сенімен бірге бұрынғы мен, Әсел де жоқ. Тек робот бар», – деп жазды отандық киножұлдыз.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close