Жаңалықтар

Талғарда 16 жастағы баланы өлтірді деген күдіктілердің суреті жарияланды

Фото: ашық дереккөз

Талғарда бозбаланы өлтірді деген күдіктілердің суреті тарады, деп хабарлайды qandastar.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап. 

Желідегі фотода жетеуінің суреті бар. Оның екеуінің сотталғаны жазылған. Шерзатқа пышақ сұққан жігіт бұрын сотталғаны, 2000 жылы дүниеге келгені көрсетілген. Ал әу баста сыраға барған жігіт – 1993 жылғы көрінеді.

Айта кетейік, бүгін Алматы облыстық прокуратурасы сот санкциясымен жеті адам қамауға алынғанын хабарлаған еді.

Бұл оқиға 4 қазанда болған. Баланың әкесі жалға дүкен алып, сауда жасаған. Төбелес осы дүкеннен басталған. Бір жас жігіт дүкенге келіп, бір құты сыра алып, ақшасын төлемей кете барған.

Болат сыраның ақшасын төлеуді талап еткен. Арада жанжал туындаған. Болаттың інісі мен ұлы, 16 жастағы Шерзат клиенттен кетуді сұраған.

Бірақ сыра алған жігіт достарына қоңырау соғып, дүкенге үш көлікпен бір топ жігіт келген. Арасында үш-төрт қыз да болған.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close