Жаңалықтар

Президент Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты

Фото: ашық дереккөз

Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды  qandastar.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды. Ол 1971 жылы 18 қыркүйекте Қарағанды облысы Жезқазған кентінде дүниеге келген.

 

1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Тарих» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.

2022 жылдың 11 маусымында Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды, 2022 жылдың 2 желтоқсанында Президент жарлығымен осы лауазымға қайта тағайындалған еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close