Жаңалықтар
Әкесі құлдықта, анасы “сатып” жіберген: Әркімнің үйін жағалап күн көрген бала студияда әке-шешесін танымады
Фото: ашық дереккөз
14 жыл құлдықта болып, өз туған балаларынан айырылып қалған ер адам “Көреміз” ток-шоуына келіп тағдырын баяндады, деп хабарлайды qandastar.kz Alash.kz ұлттық порталына сілтеме жасап.
Редакцияға 14 жыл бойы жоғалып кеткен қайын інісін іздеп, жеңгей хабарласқан. Оның айтуынша, қайын інісі малдың артынан кетіп, балаларынан із-түссіз айырылып қалған.
Тараз тұрғыны Рая Алтынбекқызы жантүршігерлік жағдаймен бөлісіп, “Көреміз” редакциясынан жәрдем беруін өтінген.
Айтуынша, күйеуінің інісі осыдан 14 жыл бұрын ізім-ғайым жоғалған. «Алайда қайным таяуда табылса да, қасындағы кішкентай баланың қайда екені әлі күнге белгісіз»,-дейді!
Бағдарлама барысында құлдықта болған Әжімұрат есімді азамат 14 жыл бойы мал бағып, 2000-3000 теңге ғана алып отырғанын айтты. Өзі әріп танымайды, ақшаны тек түсінен ғана ажырата алажы екен. Студияға бірінші әйелі Ботагөз есімді келіншек келеді. Ол Әжімұраттан тапқан 2 баласын сатып жіберген деген күдікке ілінген.
18 жасқа толған үлкен ұлын 9 жыл бойы көрмесе, кіші ұлын 2 жасында танымайтын біреуге ұстатып жіберген. Студияға 18 жасқа толған ұлы келеді. Сорақысы ата-анасын танымайды. Осы уақытқа дейін әркімнің үйінде күн көріп келген.