Жаңалықтар
«Бірден сигнал береді»: Әскери бөлімдерде «ақылды» камера орнатылады
Фото:Midjourney
Әскери бөлімдерде «ақылды» камера орнатылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Осылайша Қорғаныс министрлігі әскердегі қауіпсіздікті жасанды интеллект арқылы бақыламақ. Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиевтың сөзінше, бұған дейін камералардың аналитика жасайтын функциясы болмаған.
Ол әскердегі жанжал, бірнеше адамның топтасып жиналуы, жауапты адамдардың өз орнын тастап кетуі, қару-жарақты сақтау камерасына рұқсатсыз кіру сияқты фактілерге бірден сигнал береді.