Жаңалықтар
«Намаз оқымасақ, сақал қоймасақ ұрады»: Ауғанстандағы қазақтар қорлық көргенін айтты
Мешітке кім келді, кім келмеді тексеріп отырады.
Ауғанстанда тұрып жатқан қазақтардың қазіргі тұрмыс жағдайлары мүшкіл. Олар тіпті, қандай қысып көріп отырғанын айтты, деп хабарлайды qandastar.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Бұл туралы Ауғанстандағы қазақтар «Жалғыз жолаушы» YouTube арнасына берген сұхбатында айтып берген.
«Домбыра шертуге рұқсат бермейді. «Шариғат бойынша болмайды» дейді. Егер домбыра шерткенімізді көрсе, намаз оқымасақ, сақал қоймасақ ұрады, жәбір көрсетеді. Мешітке кім келді, кім келмеді тексеріп отырады. Келмегендерді молда айтып береді, оларды түрмеге қамайды», — деді олар.
Олардың арасында тіпті, туған күнін, жасын білмейтіндер бар.
- Жергілікті қазақтардың айтуынша, онда балалар оқитын мектеп жоқ, бірақ, кей балалар Құран оқуды біледі, қари атанғандар баршылық.