Жаңалықтар

Семейде өртеніп жатқан қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды

Сурет: pixabay

13 қазанда әлеуметтік желіде Семейде жанып жатқан қоқыс жәшігінен жаңа туылған нәресте табылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараған ақпаратта денесінің 70%-ын күйік алған бір айлық сәби ауруханаға жеткізілгені де айтылады. Бұл фактіні Абай облысының прокуратурасы растады.

«Аталған факті бойынша қолға алынған сотқа дейінгі тергеу облыс прокуратурасының арнайы бақылауына алынғанын хабарлаймыз», делінген хабарламада.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close