Жаңалықтар

Қазақстанда күн 35 градусқа дейін ысиды

«Қазгидромет» РМК 17-19 қыркүйекке арналған ауа рай болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Иран аймағынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен республиканың оңтүстігінде жылы және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. «Күндіз термометрдің сынап бағанасы плюс 25…30°С дейін, кей жерлерде плюс 35°С дейін жоғарылайды. Оңтүстіктен келетін жылу солтүстік өңірлерге де жетеді. Кей жерлерде жаңбырдың күтілуіне қарамастан, мұнда жылы болады, күндіз ауа температурасы плюс 20…28°С дейін жоғарылайды. Тек батыс облыстарында Ресейдің жылжитын атмосфералық фронттар ауа температурасының төмендеуіне әсер етеді» — делінген хабарламада.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-kun-35-graduska-deyin-ysidy_a3566237

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close