Әлем жаңалықтары

“Таңғажайыптың көкесі”: Сау-тамтығы қалмаған ұшақтан екі адам дін аман шықты (видео)

Американың Флорида штатындағы Бока-Ратон қаласының әуежайы маңында ер адам таңғажайыптың күшімен аман қалды. Питер Уайт қоқыс тастауға шығып келе жатқан кезде Piper PA-28 ұшағы тура жанына құлаған. Оқиға 11 қыркүйек күні болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, ұшақ ұшып шыққаннан кейін ақауларға бола бірден кері қайтқан. Алайда кенеттен жерге қатты құлап, ұшқыш тізгінді уысынан шығарып алды.

Нәтижесінде әуе кемесі қақпаны бұзып өтіп, ер адамды қағып кете жаздады. Ер адам өз кезегінде ұшақты жылдам байқап, бірнеше секунд ішінде аман қалып үлгерді.

Таңғажайып мұнымен біткен жоқ: ұшақтың сау тамтығы қалмағанына қарамастан, борттағы екі адам тірі қалды. Бірінің жарақаты жеңіл болып, ол ауруханадан шықты. Екіншісінің жағы мен аяғы сынған.

 

 

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close