Қаржы және төлемдер

Премьер-министр: Бюджет қаржысы уақытылы игерілу керек

Фото: gov.kz

Премьер-Министр: ЖІӨ-нің 4% нақты өсу деңгейі қалыптасты. Жыл соңына дейін барлық ресурстарды жұмылдыру қажет, – деп хабарлайды qandastar.kz

 Үкімет отырысы барысында Осы жылдың 9 айындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды.

Премьер-Министр бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыны уақтылы игеру бөлігінде қаржылық тәртіпті күшейту қажеттігін атап өтті.

«Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар осы жылдың соңына дейін барлық ресурстарды экономиканың сапалы өсуіне жұмылдыруы керек. Қазіргі жағдайда бұл оңай шаруа емес. Сондықтан осы бағыттағы күш-жігерді еселей түсу қажет. Ол үшін министрліктер мен өңірлер үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close