Жаңалықтар
Талғардағы оқиғаға байланысты сот отырысы ашық өтуі мүмкін
Фото: Орда.кз
16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне әкеп соққан жанжал сырадан басталмаған. Себебі әлі анықталуда, – деп хабарлайды qandastar.kz
Іс бойынша 10 адам күдікті деп танылды. Оның ішінде екеуі ипподромда ат баптайды. Біреуі Шымбұлақта әртүрлі жұмыстар істейді. Біреуі Ақбұлақта күзетші. Екеуі сән салонында еңбек етеді.
Жас ерекшеліктері бойынша ең кішкентайы 24 жаста, үлкені 31 жаста.
Прокуратура онлайн форматта ашық сот процестін өткізуді талап етпекші.
Айта кетейік, Шерзат Полаттың ісін қолға алған адвокаттар істің материалдарындағы видеоны жариялау фактісі бойынша полицияға шағым түсірді. Полицияға желіде тарап кеткен видеоларға қатысты шағым бергені жайлы қорғаушылар Justice_for_Sherzat парақшасында мәлімдеді.
«Баршаңызға қолдау білдіргендердеріңіз үшін рақмет. Әрине, біз сіздердің барлық хабарламаларыңызды көріп отырмыз. Бұл мәселенің жедел шешілетініне үміттенеміз. Ішкі істер министрлігінен жауап күтеміз» деп жазылған құқық қорғаушы топтың парақшасында.