Қаржы және төлемдер

«Төрт млн теңге қарыз»: Таразда 5 жылдан бері баласына алимент төлемеген адам сотталмақ

Фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысында 2019 жылдан бері алимент төлеуден жалтарып жүрген адам анықталды. Сол сияқты өңірлік прокурорлар алимент бойынша борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Прокуратура мәліметінше, талдау аясында 2019 жылдан бері дәлелді себептерсіз 4 млн теңгеден астам алимент берешегін төлемеген борышкерді анықтады.

«Сот шешімінің тиісінше орындамағаны үшін борышкер бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 09.09.2024 жылы осы факті бойынша қала прокуратурасы ҚК-нің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

2024 жылдың өткен кезеңінде қала прокуратурасы 30 борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тартып, 41 млн теңге көлемінде алимент берешегін өндірді.

Прокуратура алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге ҚК-нің 139-бабына сәйкес 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді», – делінген хабарламада.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close