Жаңалықтар

Марқұм Шерзаттың үйіндегі өрт: Прокурор оқиға орнынан канистр мен қолғап табылғанын мәлімдеді

Фото: Видеодан скриншот

15 қазанда Қонаев қаласында 16 жастағы Шерзаттың өлімін тергеуге қатысты брифингте марқұмның үйіндегі өрт жайлы тың деректер айтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы облысының прокуроры Берік Адамов Талғардағы марқұм Шерзаттың отбасының үйінде өрт сырттан басталғанын мәлімдеді.

«Тергеу сатысында ешқандай заңбұзушылық анықталған жоқ. Сондай-ақ марқұмның отбасы тұрған үйдегі өрттің себебін тексеріп жатырмыз. Өрт болған жерден маңызды дәлелдер жиналып, 600-ден астам адам сұралды. Оқиғаның қалай болғанын анықтау үшін бірнеше сараптама тағайындалды. Мамандар өрттің үйдің сыртынан басталғанын, оқыс жағдай болмағанын және сыртқы от көзі қолданылғанын алғашқы қорытынды ретінде шығарды», – деді Адамов.

Прокурордың айтуынша, оқиға орнынан канистр мен резеңке қолғап табылған.

«Канистр мен қолғапқа зерттеулер жүргізіліп жатыр. Шығын көлемі анықталып жатыр. Бұл істі ашық әрі объективті жүргізуді жалғастырамыз. Жәбірленушінің туыстары мен жақындары тәулік бойы күзетке алынған», – деп қосты ол.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close