Қаржы және төлемдер
Алдағы уақытта шенеуніктердің декларациялары ашық жарияланбақ
Фото: ашық дереккөз
Келесі жылдан бастап бүкіл шенеунік тапсырған декларациялар ашық жарияланады. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев хабарлады деп жазады qandastar.kz Democrat.kz-ке сілтеме жасап.
Сонымен қатар министр кейбір ерекше қорғауға алынған тұлғалардың декларациялары ашық жарияланбайтынын да айтты. Ондай тұлғалардың қатарында Президент, премьер-министрлер, мәжіліс және сенат төрағалары бар. Сондай-ақ қарулы күштер ведомство қызметкерлерінің де декларациялары “олардың қызмет бабына байланысты” ашық жарияға салынбайды.