Жаңалықтар

Жолдасының интимді суреттерін таратқан әйелі сотталды

Фото: ашық дереккөз

Соңғы жылдары жеке өмірге қатысты материалдарды, фотосуреттер мен бейнелерді иелерінің келісімінсіз тарату мәселесі жеке ақпарат пен адам құқықтарын қорғау саласындағы ең өзекті мәселелердің біріне айналды, деп хабарлады Qandastar.kz.

Бас прокуратураның хабарлауынша, әрбір тұрғын жолдасына немесе таныстарына жеке өміріне қатысты фотосуреттерді жібергені үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылатын жағдайға тап болуы мүмкін екенін айтып өтті.

Мәселен, әйелі қызғаныштан күйеуінің интимдік суретін «WhatsApp» мобильді мессенджері арқылы таратқан.

Орал прокуратурасының мемлекеттік айыптаушысының табанды ұстанымын ескере отырып, сотталушының кінәсі толық дәлелденді, Орал қалалық сотының үкімімен ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды

Сол сияқты, ер азамат әйелінің жеке суретін таратқаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкімдер заңды күшіне енді.

Мәселенің өзектілігін ескере отырып, Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды заңды сақтауға және басқа адамдардың құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеуге шақырады.

Жеке өмірге қол сұғылмаушылық материалдарын келісімсіз тарату ауыр моральдық зиян келтіріп қана қоймай, 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруға қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар, біз цифрлық қауіпсіздіктің маңыздылығын еске саламыз: интернетте қандай материалдармен және кіммен бөлісетініңізге мұқият болу керек.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close