Әлем жаңалықтары
Сенат Bereke Bank және Tele2-ті катарлықтарға сатуды мақұлдады
Фото: Катар туризм басқармасы
Сенат Катармен Қазақстандағы тоғыз ірі инвестициялық жобаға қатысты келісімді мақұлдады. Т Жобалардың қатарында газ өңдеу және су электр станцияларының құрылысы, сондай-ақ «Береке» банкі мен «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС сату бар, деп хабарлайды qandastar.kz
Міндеттемелерге келетін болсақ, Қазақстан келісім шарттарын бұзатын немесе өзгертетін заңдар қабылдай алмайды.
Инвесторлар үшін жеңілдіктерге де тоқтала кетейік. Катарлық инвесторлар кедендік және салықтық жеңілдіктерге ие болады. Сондай-ақ олардың инвестициясы ұлттандырудан қорғалған.
Келісім шамамен 20 миллиард доллар табыс әкеліп, мыңдаған жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Сенатор Бұқтұғытов тәуекелдер мен іркілістерді болдырмау үшін жобаның жүзеге асырылуын мұқият бақылауға шақырды.