Жаңалықтар

Қайрат Боранбаевтың әйелі мүлікке әлі таласып жатыр

Фото: ашық дереккөз

Сот материалдарында Алматының беделді ауданындағы Esentai Tower бизнес орталығы мен «Esentai Mall» сауда орталығына іргелес жатқан екі қабатты әкімшілік ғимарат» туралы сөз қозғалған, деп хабарлайды Qandastar.kz.

2024 жылдың шілде айында Медеу аудандық соты Боранбаевтан тәркіленген мүлікті бөлуден және үлестің жартысын оның әйелі Шолпан Боранбаеваға беруден бас тартқан болатын. Ш.Боранбаева шешіммен келіспей, Алматы қалалық сотына шағым түсірген.

Сот ұйғарымында мүліктің ерлі-зайыптылар арасында ортақ екені айтылады. Енді Шолпан Боранбаеваның сот актісін Жоғарғы Сотта даулауға алты ай уақыты бар.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close