Жаңалықтар
Жітіқарада 5 баласынан айырылған отбасыға пәтер берілді
Фото: ашық дереккөз
Қостанай облысы Жітіқара қаласында үйі өртеніп, бес баласынан айырылған отбасыға пәтер берілді, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, Жітіқарадағы жеке үйдегі өртте бес кішкентай баласынан айырылған отбасыға қажетті психологиялық, құқықтық және материалдық көмек көрсетілген.
«Жерлеу рәсімі ұйымдастырылып, жергілікті бюджеттен 100 АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек берілді, білім беру бөлімінің қоры есебінен 100 АЕК көлемінде төлем беру жоспарлануда. Қаладағы екі ірі кәсіпорының бастамасымен отбасыға екі бөлмелі пәтер сатып алынды», – делінген әкімдік хабарламасында.