Білім

Бектенов: Сынып жетекшілерінің жалақысы 30 пайызға артады

Фото: информ.кз

Сынып жетекшілері тиісті өсім ала алады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді, – деп жазады qandastar.kz

Бұл қадам «балалар арасындағы бұзақылық пен қылмыстың алдын алуда маңызды рөл атқаратын» 220 мың мұғалімді қолдауға бағытталған.

«Бюджеттік мүмкіндіктерді ескере отырып, сынып жетекшілерінің мәртебесін жақсарту үшін қосымша төлемді кезең-кезеңімен 30%-ға арттыру мәселесі талқылануда», – делінген жауапта.

Бектенов буллингтің алдын алудың жаңа тәсілдері туралы да баяндады. Ол 111 байланыс орталығы жұмыс істейтінін, бір жылда 18 783 әйел мен балаға көмек көрсетілгенін алға тартты.

«5-9-сыныптарға арналған «Жаһандық құзыреттер» курсында Этика және эстетика бөлімі бар, ол балалардың эмоционалдық интеллектісі мен сыни ойлауын дамытады, сонымен қатар 20 аймақта психологиялық қолдау орталықтары ашылды», – деп қосты премьер-министр.

Еске салайық, балалар мен олардың ата-аналарына жедел психологиялық және құқықтық көмек көрсету үшін байланыс орталықтары, BalaQorgauBot2.0 чат боты және Балақорғау веб-сайты жұмыс істейді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close