Жаңалықтар

«Әке-шешесінің көзінше өлтіргені ауыр»: Жоғарғы соттың экс-төрағасы Жақып Асанов Шерзат Болаттың өліміне қатысты пікір білдірді

Сурет: Фотоколлаж Kyn.kz

Айтуынша, Қасымбаевпен ешқандай туыстық не болмаса басқа да байланысы жоқ

Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы, сенатор Жақып Асанов 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты пікір білдірді. Оған журналистер бірнеше сұрақ қойып, оның ОПГ лидері Хасан Қасымбаевпен таныстығы бар-жоғын білді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, Қасымбаевпен ешқандай туыстық не болмаса басқа да байланысы жоқ.

«Талғарда болған бұл өте қиын жағдай. Қиянаттың қиянаты ғой. Жап-жас мектептегі жас балаға ересек бірнеше жігіт жабылып, әке-шешесінің қолын байлап, көзінше өлтіргені ауыр ғой. Қазаның жеңілі жоқ дейді. Мынау бірақ өте ауыр», – деді Асанов.

Сондай-ақ, журналистің «Талғарда туысқаныңыз бар ма?» деген сұрағына да жауап беріп, ешкімді танымайтынын айтты.

“Прокуратура соттың ашық өтуін сұраймыз деп айтып қалды. Бірақ оны судья шешеді. Ол туралы менің айтқаным орынсыз болады. Өйткені оны сол іс бойынша төрағалық ететін судья шешеді”, – деді Жақып Асанов.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close