Жаңалықтар

Мәдиев Денсаулық сақтау министрлігін сотқа беруі мүмкін

Фото: ашық дереккөз

Себебі олар ақпараттық жүйелерді бекітілген мерзімде қолданысқа енгізбеген. Бұл туралы Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев депутаттардың сауалына жауап беру кезінде айтты, – деп хабарлайды qandastar.kz atamekenbusiness_qaz-ға сілтеме жасап.

Талапты дер кезінде орындамай отырғандардың қатарында Ауыл шаруашылығы мен Қаржы министрлігі де бар.

Министрдің мәліметінше, қазір талдау жұмыстары жүріп жатыр. Тексерістен кейін ведомство аталған мемлекеттік органдарға кеткен қателіктерді жөндеу туралы хабарлама жібереді. Егер талап орындалмаса, әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынбақ.

Министр сондай-ақ ведомстволар ақпараттық жүйелердің неге дер кезінде қолданысқа берілмегені туралы мәлімет бергенін айтады. Кедергі келтірген негізгі жағдайлар:

Ақпараттық жүйені құру және дамыту кезіңінде бюджеттің қысқаруы;

Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын тексеру кезіндегі қиындықтар;

Ақпараттық жүйені құру немесе дамыту кезінде обьект иесінің ауысуы.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close