Әлем жаңалықтары

Еуропа елдеріне виза алу жеңілдеуі мүмкін

Фото: ашық дереккөз

Өйткені Еуропалық одақ Қазақстанмен келіссөздерге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды qandastar.kz  atamekenbusiness_qaz-ға сілтеме жасап.

Осы орайда Қазақстан тарапы өз азаматтарына Шенген визасын беру ақысын төмендетуді, виза уақытын ұзартуды, қазақстандықтардың өтінішін қарау уақытын қысқартуды сұраған. Сонымен бірге Қазақстан Еуропа елдерінде заңсыз жүрген өз азаматтарына реадмиссия жасау мәселелесінде ынтымақтастыққа ашық екенін жеткізді.

Қазақстан шенген визасын алуға өтініш беретін елдер арасында 20-шы орында тұр. Былтыр 160-ға жуық азаматтан өтінім түсіп, соның 143 мыңына рұқсат берілген.

Шенген визасы арқылы Еуропаның 27 мемлекетінде еркін жүріп-тұруға болады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close