Жаңалықтар

100 күнде жүзеге асқан шаруалар

Қасым-Жомарт Тоқаев президент болып сайланғалы елде 507 мың 363 адамның несиесі кешірілді. Арысты қалпына келтіру жұмыстары қыркүйектің он біріндегі жағдай бойынша 99 процентке аяқталды. Президенттің кадрлық резервіне осы кезге дейін 4 мың 731 азамат тіркеліп үлгерді. Ал қажеті жоқ шаралар қысқарды. Мұны Президент бірден кесіп айтқан болатын. Нәтижесінде биылғы бюджет қаржысы 340 миллиард теңгеге үнемделіп отыр. Мұндай ілкімді істердің барлығы небәрі 100 күннің ішінде орындалды. Жасалған шаруаларға саясаттанушылар, сарапшылар, экономистер, тарихшылар мен әлеуметтанушылар жоғары баға берді.

Дереккөз: https://24.kz/

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close