Жаңалықтар

Марқұм Шерзат Полаттың анасы үндеу жасады

Фото: stan.kz

Негізінен бұзақылық, кісі өлтіру, қоқан-лоққы жасау, қылмысты құзырлы органдарға хабарламау сынды айыптармен қылмыстық іс қозғалды. 3 пышақ, 1 мылтық айғақ ретінде алынды.

Әлеуметтік желілерде марқұм Шерзаттың анасының түсірген видеоүндеуі тарады. Ол енді әрбір күні не болғанын видеоға түсірмек, деп хабарлайды   Qandastar.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Талғарда 4 қазан күні бір топ адамның қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың анасы бейнежазба жариялады.

Бұл оқиғаға байланысты тергеу ісіне келсек, 10 адам күдікті ретінде ұсталды. Сол кездегі екі әйел адам куәгер ретінде қалды. Ал желіге тараған бейнежазбаларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Негізінен бұзақылық, кісі өлтіру, қоқан-лоққы жасау, қылмысты құзырлы органдарға хабарламау сынды айыптармен қылмыстық іс қозғалды. 3 пышақ, 1 мылтық айғақ ретінде алынды.

«Мен енді әр күннің қалай өткенін көрсету үшін қысқа бейнежазба жасауға шешім қабылдадым. Өйткені бұл өте ауыр. Біз біраз тынып қалдық. Оның өз себебі болды. Сол түні болған оқиғаны еске алу өте қиын. Бұл мәліметтер тергеу аясында, сұрау хаттамасында тіркелді», — деді ол.

Сонымен қатар, ол адвокаттарына алғысын білдірді.

«Бүгін біз көп нәрсені бастан өткердік. Адвокаттардың бірі өрт туралы сұрауға кетті, екіншісі — шығуға кетті», — деді Шерзаттың анасы.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close