Жаңалықтар

10 трлн: Энергетиканы дамыту үшін Зейнетақы мен Ұлттық қордан қаржы алына ма?

Фото: ашық дереккөз

Энергетика саласын дамыту жобаларына Ұлттық қор мен Бірыңғай зейнетақы қорынан қаражат бөлінбек. Бұл энергетика және коммуналдық секторды жаңғыртудың ұлттық жобасында қарастырылған, – деп жазады Qandastar.kz.

Ұлттық жобаны бекіту туралы қаулы жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. Оны қоғамдық талқылау 1 қарашаға дейін жалғаспақ.

Құжатқа сәйкес, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған ұзақ мерзімді инфрақұрылымдық жобаларға БЖЗҚ инвестор ретінде қатыса алады.

Ал Ұлттық қордың қаржысы аса ірі, стратегиялық маңызды жобаларға жұмсалмақ.

Бұл жерде несие бойынша нақты сандар келтірілмеген деп хабарлаған еді «Orda.kz» сайты.

Бірақ қолданыстағы активтерді жаңғырту мен жаңасын құру үшін шамамен 10 триллион теңге қажет екені айтылған.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close