Жаңалықтар
«Қыз болғанша тоқтамаймыз»: Тәуекел Мүсілім Лос-Анджелесте гендер пати өткізді
Фото: https://www.instagram.com/mahonti__/
Танымал актер Тәуекел Мүсілім Лос-Анджелесте отбасымен бірге гендер пати өткізді. Бұл туралы qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Өнер иесі отбасын алып, АҚШ-қа аттанған еді. Жақсы жаңалықты әйелі Махаббат жариялады.
«Аллаға сансыз шүкірлік болсын! Үш бар жерде күш бар. Біздің үшінші бөпеміз де батыр болады. Алақай!», – деп жазды блогер келіншек.
Отандық киножұлдыз да құттықтап жатқан жандарға алғыс білдіріп, қызды болғысы келгенін де жасырмады.
«Қыз болмағанша тоқтамаймыз! Әрине, қалжың ғой. Сәл үзілістен кейін тағы ұмтылып көреміз», – деп әзілдеді актер.
Еске салайық, Тәуекел Мүсілім әскердегі әлімжеттікке қатысты ойын бөлісіп, ұлдарын әскерге жібермейтінін айтқан еді.