Жаңалықтар

Астанада Бейбітшілік және келісім сарайының аумағы жарықсыз қалды

Фото: ашық дереккөз

Астанада Алматы ықшам ауданының бір бөлігі жарықсыз қалды. Оқиғаның себебі белгісіз, деп хабарлады qandastar.kz

Мыңжылдық аллеясы, Тәуелсіздік даңғылы, Қордай және Байтұрсынов көшелерінде электр жарығы сөндірілді. Бұл ауданда Тәуелсіздік сарайы мен Бейбітшілік және келісім сарайы орналасқан.

«Технологиялық бұзушылық 15:06-да орын алған. Себептері белгісіз. 15;32-де резервтік қуатқа ауысу жасалды. Қазір оның себебін анықтау және жою жұмыстары жүргізілуде», – делінген энергетикалық компанияның хабарламасында.

Әзірге аймақ резервтік қуатпен қамтамасыз етілген.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close