Қаржы және төлемдер
Елімізде кредиттік амнистия жариялана ма?
Фото: ашық дереккөз
Елімізде тағы да кредиттік амнистия туралы әңгіме қозғала бастады. Депутаттар алаяқтардың кесірінен қарызға батқандардың кредитін кешіруді сұрап отыр, деп жазады qandastar.kz atamekenbusiness_qaz-ға сілтеме жасап.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өкілдерінің бұл сауалы Премьер-министрдің атына жолданған.
Бұл ретте мәжілісмен Асхат Рақымжанов екінші деңгейлі банктерге тексеріс жүргізуді ұсынады. Оның ойынша, дәл осы қаржы институтының қызметкерлері алаяқтар құрбандары санының артуына кінәлі. Бұл пікірін ол әріптесім Даниил Москоленкоға «Время говорить» бағдарламасында айтты.