Жаңалықтар

Елімізде мереке күндері қосымша пойыздар жүреді

Фото: ашық дереккөз

Тәуелсіздік күні мен жаңа жылға орай қосымша пойыздар жүре бастайды. Көлік министрлігі жолаушылар тасымалы қай бағыт бойынша жүретінін түсіндірді, деп хабарлады qandastar.kz.

Қосымша пойыздар Астанадан Шымкент пен Алматыға, сонымен қатар Ақтөбеден елордаға қатынайды. Министрліктің хабарлауыша, осы уақыттарда сұраныс өте жоғары болады.

Мереке күндері қазақстандықтар арасында басқа да танымал маршруттар бар. Олар елорда мен елдің оңтүстігіндегі, батысы мен шығысындағы ірі қалалар арасында, сондай-ақ Алматы мен солтүстік, батыс және орталық облыстар арасында жұмыс істейді. Бұл пойыздарға бірнеше мың орындық қосымша вагондарды бекітуді жоспарлап отыр.

“22 мың жолаушыға арналған қосымша 500 тіркеме болады. Жалпы бұл қазір алдын ала мәлімет екенін айту керек. Қарашаның ортасына қарай қосымша пойыздарды іске қосу туралы шешім қабылданады. Ешқандай баға өзгермейді, көтерілмейді”, – деп мәлімдеді көлік министрлігінің ресми өкілі Ләззат Стамғазиева.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close