Жаңалықтар

«Қылмысты жасап алып, уайымсыз жатқан»: Түркістанда анасы мен қызын өлтіріп кеткен мұғалімнің ісі жайлы тың деректер айтылды

Фото: ашық дереккөз

Желіде Түркістан облысы Келес ауданында анасы мен 16 жастағы қыздың жантүршігерлік өлімі туралы ақпарат тараған еді. 11 қыркүйек күні түнде екеуінің мәйіті өз үйінен табылған. Куәгерлердің айтуынша марқұмдардың денесінің сау-тамтығы қалмаған. Оларды өлтірді деген күдікке сол ауылдың 29 жастағы мұғалімі іліккен, деп жазады qandastar.kz stankznews-ке сілтеме жасап.

Ол мектепте практикант болып жұмыс істеген. 15 жастағы марқұмға көз салып, қырындаған көрінеді. Мұны білген анасы бірден мектеп директорына арызданған. Көп ұзамай 29 жастағы жігіт білім ордасынан шеттетіліпті. Дегенмен ызаға булығып, кек алмақ болған ол жантүршігерлік қылмысты 10 айдан соң жасаған.

Оқиға болған күні күдіктіні полиция қарбыз сататын жерінен ұстап әкеткен. Марқұмның туысының айтуынша, күдікті қарбыз сататын жерде тал түбіндегі кереуетте бейқам жатқан. Күдікті есірткі тұтынған, соның күшімен осы қылмысты жасап отыр дейді. Дегенмен сараптамада күдіктінің наркологиялық аурумен ауырмайтыны жазылған екен.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close