Жаңалықтар

Алматылық қызды белгілі спортшы соққыға жыққаны туралы хабар тарады

Фото: Коллаж: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов, egovpress

Алматылық тұрғын оны белгілі спортшы соққыға жыққанын мәлімдеді. Полиция бұл дерекке қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл жайлы ақпарат телеграмда пайда болды. Алматылық қыздың сөзінше, оны су добы бойынша спорт шебері соққыға жыққан.

Алматылық қыз орта дәрежедегі жарақаттар алғанын айтады. Бостандық ауданының полиция басқармасы бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғағанымен тергеуші жарты жылдан бері шара қолданбай отырған көрінеді.

Бұл дерекке қатысты Полиция департаментіндегілер пікір білдірді. Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғап, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр екен.

«Тергеу нәтижесі бойынша кінәлі адам анықталып, жауапқа тартылады. Іс материалдары сотқа беріледі», – делінген хабарламада.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close