Әлем жаңалықтары

Ресейлік Wildberries-тен 1,2 миллионға тауар алғаны үшін 10 жылға сотталмақ

Фото: Видеодан скрин

Ресейлік қыз 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлады Qandastar.kz.

23 жастағы бойжеткен аталған сайтқа 2023 жылдың көктемінде тіркелген. Техникалық ақауға байланысты оның тапсырысы сайтта жиі төленген болып көрсетілген.

Ол бірінші рет төлем жасамастан тауар алған. Одан ешқандай ақша талап етілмеген. Құныққан қыз қателікке бой беріп, қомақты қаржыға тапсырыс беруін жалғастырған. Қыздың қалауының ішінде iPhone ұялы телефонынан бастап, киім-кешек, аяқ киім, чемодан, алтын зергерлік бұйымдар, ойын консольдері, парфюмерия, төсек-орындарына дейін бар. Осылайша, орыс қызы сауданың буына кірген.

Жақында сайттағы қызметкерлер қатені байқап, қыздың аккаунтын дереу бұғаттады. Енді ол «Аса ірі көлемдегі алаяқтық» бабы бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close