Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Пневмонияға айналып, тез асқынады: Дәрігерлер коронавирустың жаңа штамы туралы айтты

Фото: pixabay
Дәрігерлер коронавирустың жаңа штамын жұқтырған науқас үш-төрт күнде пневмонияға шалдығатынын айтып, дабыл қақты. Бұл туралы qandastar.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Дәрілерлердің айтуынша, дене қызуы көтерілмей, құрғақ жөтелден басталатын жұқпаның пневмонияның жаңа түрі екенін тек рентгенография көрсетеді. Қосымша ПТР-сынама тапсыру қажет.

 

Дәрігерлер соңғы уақытта Алматыда пневомониямен ауыратындар саны көбейгенін айтады. Тіпті ауру ересектерден бұрын, балалардан көптеп анықталып жатыр.

Мамандардың айтуынша, кәдімгі пневмонияда жөтел қысып, ентігіп және дене қызуы көтеріліп, 14 күннен соң анықталады. Ал қазір тарап жатқан ауруды жұқтырған жағдайда жоғарыда аталған симптомдарсыз, 3-4 күнде пневмонияға ұласып кетуі мүмкін екенін ескертеді.

“Қазіргі пневмониялардың ерекше өту жағына қарайтын болсақ, қарқынды түрде бұрын бірнеше күн немесе 7-14 күннің ішінде инкубация мерзімі өтетін, қазір 3-4 күннің ішінде ауқымды полисегментарлы пневоманияны көріп отырмыз. Пневмония себептері: бактерия, вирус, зең. Егер жөтелмен немесе кез келген аурудың түрімен анықталынатын көрініс туса, дәрігерге қаралу керек. Өз бетінше емделмей, ем-дом жасауды доғару қажет”, – дейді пульмонолог Айнұр Қабанбаева.

Еске салсақ, бұған дейін әлем бойынша коронавирустың жаңа нұсқасы тарағаны туралы жазған едік.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close