Жаңалықтар

Елдос Сметовтің  жаттықтырушысы 4 млн алатын болды

Фото: jambylinfo.kz.

Қыркүйек айынан бастап Елдос Сметовтің  жаттықтырушысының жалақысы өсті, ол келесі Олимпиадаға дейін айына 4 миллион теңгеден артық алады. Мұндай шешім Жамбыл облыстық мәслихатының осы аптада өткен сессиясында қабылданды, деп жазады qandastar.kz

Бұл өзгеріс Спорт агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі бұйрығына сәйкес орын алған. Жылгелдиев қыркүйекке дейін ай сайын 1 миллион теңге көлемінде жалақы алып келген.

Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мамандары бұл жалақының көтерілуі спортшылардың әлемдік жарыстарда жүлде алуына байланысты автоматты қосымша төлем екенін хабарлады.

Елдос Сметовтың әлі жалақысын көтерген жоқ. Сметов облыс әкімінің шешімімен ең жоғары жалақы – 2 684 000 теңгені алады. Қазір Жамбыл облысының спорт басқармасы чемпионның жалақысын көтеру туралы шешімге өзгертулер енгізіп жатыр. Бұл келесі жылдан бастап орын алуы мүмкін (ҚазАқпарат).

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close