Жаңалықтар

Қазақстан Ауғанстанның ауқатты азаматтарына көлік экспорттамақ

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Алматыда өткен «Қазақстан-Ауғанстан» бизнес-форумының ашылуында хабарлады, деп жазады Qandastar.kz.

Оның айтуынша, Ауғанстан Қазақстаннан көлік эскпортын ұйымдастыруды сұраған. Ол қазір Кабулдың өркендеп келе жатқанын және жақында екі ел тікелей төлем операцияларын жасай алатынын атап өтті.

«Біз кездесу ұйымдастыруды, сондай-ақ ескі және жаңа көліктерді сату үшін автоорталықтарды ұйымдастыруды сұрадық. Мен бұл мәселе бойынша бірнеше қоңырау соқтым. Қазір жұмыстар жүргізілуде. Ең алдымен, бізге ауған елінен сенімді серіктес керек. Себебі мұндай бизнесті ұйымдастыру үшін жеткізу қызметі сенімді болған дұрыс. Келесі жылы біз алғашқы көліктерді сатуды бастаймыз, – деді С.Жұманғарин.

Әсіресе Ауған кәсіпкерлерінің арасында ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс жоғары. Екіжақты сауданың қарқыны әлемдік сауда нарығында болып жатқан өзгерістер мен үрдістерге қатысты өзгерді. Жұманғариннің айтуынша, 2024 жылдың соңғы 8 айында екі ел арасындағы тауар айналымы 330,7 миллион долларды құраса, оның ішінде экспорт 316,5 миллион долларды, Ауғанстаннан импорт 14,1 миллион долларды құрады.

 

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close