Жаңалықтар

Түркияда теракт болды

Фото: ашық дереккөз

Түркия астанасы Анкарада аэроғарыш компаниясының нысанында теракт болды. Жарылыста қаза тапқандар мен жараланғандар бар, деп хабарлайды  Qandastar.kz.

Түркияның Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 3 адам қаза тауып, 14-і жараланған.

“Анкараның Кахраманказан ауданындағы Аэроғарыш өнеркәсібі (TAI) нысандарына теракт жасалды. Өкінішке орай, құрбан болғандар мен жараланғандар бар. Алла рахымына алсын”, – деді Ішкі істер министрі Али Ерликая.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close