Жаңалықтар
Уақытты екі сағат алға жылжытсын: қазақстандықтар тағы петиция жариялады
Фото: pixabay
Уақытты екі сағат алға жылжытсын: қазақстандықтар тағы петиция жариялады, деп жазады qandastar.kz atamekenbusiness_qaz-ға сілтеме жасап.
Авторлар жаңа құжат бұрынғы петицияға ұқсамайды дейді. Бұл жол кейбір аймақтарда ғана өзгертуді сұрап отыр.
«Қазақстанның орталық және шығыс облыстары мен қалаларында, соның ішінде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында электр энергиясын үнемдеу үшін уақытты 2 сағатқа жылжытуды талап етеміз», – делінген петицияда.
Егер қарашадан ақпанға дейін сағат тілін алға жылжытса, күн көбірек жарық болады және электр энергияны үнемдеуге сеп дейді.
Мысал ретінде Шығыс Қазақстан облысы келтірілген. Қазір өңірде 16:20-да қараңғы түседі, ал қыста 15:20-да кеш батады.