Жаңалықтар

Келесі халық санағы қашан жүргізілетіні белгілі болды

Қазақстанда 2020 жылы халық санағының қашан жүргізілетіні белгілі болды, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің баспасөз қызметінен.
«Халық санағын жүргізетін мерзім анықталды — 2020 жылдың 1-30 қазаны аралығы. Қазіргі таңда дайындық жұмыстары жүргізілді: планшетке арналған мобильді қосымша әзірленді- ол сауалнама жүргізуге мүмкіндік береді; респондеттердің өздері толтыра алатын санақ қағаздары бар арнайы сайт жасалды; «Аудандастыру» автоматтандырылған жұмыс орны бар. Санақ жүргізілген уақытта халықты қолдау мен ақпараттандыруға арналған call-орталық құрылды», — делінген таратылған хабарда.

Халық санағының кейбір алдын-ала мәліметтерін 2020 жылы алу жоспарлануда.
2021 жылы халық санағының алдын-ала қорытындысын жариялау, ал 2022 жылы ақырғы қорытындысын алу жоспарлануда.

ҚазТАГ – Валентина Владимирская.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close