Жаңалықтар

«Бұрын ондай жоқ еді»: Бейнебайланыс арқылы сөйлесіп отырған сарбаздар көпшілікті таңқалдырды

Фото: ашық дереккөз

Желіде Қорғаныс министрлігі жүктеген видео көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Видеода сарбаздар бейнебайланыс арқылы ата-аналарына қоңырау соғып сөйлесуде. Министрлік мәлім еткендей, видеода Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты күзет ротасының сарбаздары. Олар әр жексенбі сайын ата-аналарымен бейнеқоңырау арқылы хабарласып тұрады.

Желі қолданушылары сарбаздарға қатысты жылы видео көргендерін айтып қуанып қалғандарын жасырмауда.

– «Бұрын ондай жоқ еді, биыл осындай тәртіп болса керемет қой. Біз 1-курста тек «увалда» сөйлесетінбіз. Қазір 4-курс еркіндеу сияқты. Рахмет басшыларға», «Жандарым сол, менің де балам бүгін хабарласса екен», «Барлық сарбаздар ата-аналарымен аман-есен қауышсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Оқу орнының ұжымына сәттілік тілейміз», – деп жылы лебіздерін жазып өткен.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close