Жаңалықтар

Алматыда №4 аурухананың екі дәрігері қамауға алынды

Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері мен тағы бір дәрігер қамауға алынды. Бұл ақпаратты қалалық соттың баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2 қыркүйекте Алматы ауданаралық мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен дәрігер Асқар Тұңғышбаев ҚР ҚК 317-бабының 3-бөлімімен (Медицина жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы салдарынан абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер) 2 айға қамалды. 22 қыркүйекте №4 аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев та ҚР ҚК 317-бабының 3-бөлімімен (Медицина жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы салдарынан абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер) 2 айға қамалды», — деді қалалық соттың баспасөз қызметінен.

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close